{metadescription}
Ақтөбеде Левон Мирзоянның көк тастан қашалған ескерткіші көшірілді
Ақтөбеде Левон Мирзоянның көк тастан қашалған ескерткіші көшірілді

Ақтөбеде Левон Мирзоянның көк тастан қашалған ескерткіші көшірілді

Енді ол бұрынғыдай көшенің қақ ортасында емес, орталық саябақтағы кеңес одағы кезіне арналған аумақта тұратын болды.

Қазір бұл алаңда көптің көзіне сүйел болған белгі тас жоқ. Оны шенеуніктердің бұйрығымен жұмысшылар түн жарымында тиеп кетіпті. Әкімдіктегілер көшенің аты өзгерген соң, «Қызыл террорды» ұйымдастыруға белсене атсалысқан адамның ескерткішін де қалдыруды жөн көрмегендерін айтады. Бұдан бұрын ақтөбелік қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Мирзоянның белгі тасын мүлдем жоқ қылуды талап еткен еді. Өйткені кезінде қазаққа жағымды саналып, «Мырзажан» аталып келген большевиктің көлеңкелі тұстары ашылып, соның кесірінен мыңдаған адамның жазықсыз атылғаны құжаттармен айғақталды. Мирзоян есімі көшеден де алынып, оған Әлихан Бөкейхановтың аты берілді. Дегенмен әкімдіктегілер белгі тасын қиратуға армян диаспорасынан ұялып, көрнекі жерге қоятын болып келісіпті.

Таңат Шегебаев, Ақтөбе қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:
-Тұңғыш президент саябағында тарихи аумақ бар.  Тарихи аумақта Мирзоян тағы басқа социализм дәуірінен келе жатқан ескерткіштер сол жерде орын табады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде