{metadescription}
​Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы да жалын тұтанды
​Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы да жалын тұтанды

​Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы да жалын тұтанды

Мұнда жұмыс істеп тұрған компрессорлардың бірі аяқ астынан тоқтап, соның салдарынан жанар-жағар май газы мұржа арқылы сыртқа шыққан.

Зауыт басшылығы мұның әдейі шығарылғанын және атыраулықтарға ешқандай зияны жоқтығын айтып, ресми түрде ақпарат таратты. Бірақ экологтар мұны жоққа шығарып отыр. Олар зауыт айналасынан сынама алып, ауаға күкірт пен азот диоксидінің және көміртегі мен азот оксидінің тарағанын алға тартады. Дегенмен, экологтар газ алаулап, айналаны қара түтінге көмгенімен, ауа-райы қалалықтарға көмектесті дейді. Яғни солтүстік-батыстан соққан жел жаман иісті сездірмей, айдалаға алып кеткен.

Қайратқали Хайрулла, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

-Желдің бағытына сәйкес, зиянды заттар қалаға келген жоқ, далаға қарай кетті. "Қазгидрометтің" мәлімдеуінше, сол уақытта ешқандай стационарлық посттардан көрсеткіштердің асқаны туралы мәлімет түскен жоқ. Дүйсенбі күннен бастап тексеріс ашылады. Тексеріс нәтижесі бойынша ауаға қанша зиянды заттың тарағаны туралы мәлімет береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде