{metadescription}
Тұрақты дамып отыру үшін бизнестің белсенді атсалысқаны дұрыс
Тұрақты дамып отыру үшін бизнестің белсенді атсалысқаны дұрыс

Тұрақты дамып отыру үшін бизнестің белсенді атсалысқаны дұрыс

Ал бизнес даму үшін қаржы мен банк жүйесі ақсамау керек. Астана экономикалық форумының қатысушылары Қазақстанда тұрақты даму көрсеткіштеріне жету жолындағы кедергілерді атады. Тұрақты дамудың 17 көрсеткішін Біріккен ұлттар ұйымы 2015 жылы нақтылап қойған.  Ал оны орындау халықаралық ұйымның құрамына кіретін барлық елге міндет.

2015-2030 жылдарға арналған тұрақты даму көрсеткіштері БҰҰ-ның төл жобасы. Халықаралық ұйым сол арқылы әлемдегі кедейлік пен аштықты жойып, салауатты өмір салтын қалыптастыру сынды адамзат үшін маңызды дүниелерге қол жеткізгісі келеді.

Норимаса Шимомура, БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:

-Қайырымдылық шаралары немесе компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін айтуға болады. Бірақ, ол аз. Компаниялар одан да көп нәрсе тындыруы керек. Мәселен, үйдегі кір жуғыш машина суды үнемдеп пайдаланатын болса, бұл үлкен табыс болар еді.

Орасан территориясында 17-ақ миллион халқы бар Қазақстан осыдан сабақ алу тиіс. Яғни, инфрақұлылымды жетілдіріп, бизнестің қанат жаюына сеп болу керек.

Томас Миров, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі:  

-Қазақстанда қаржы, банк жүйелеріндегі күрделі мәселелер біраз жылдан бері жалғасып келеді. Бұл бизнес саласын дамытуға үлкен кедерге. Қазақстанның үкіметі осы күні бұл мәселелерді шешуге күш салып жатыр.

Ал отандық бизнесті дамытуда «Бәйтерек» ұлттық холдингі ерекше атсалысып келеді. Айталық, шағын және орта кәсіпкерлікке несие беріп, аяқтан тұруына жәрдем беру, инновациялық жобаларға қолдау көрсету ұлттық компания қызметінің бір бөлігі ғана.

Айдар Әріпханов, «Бәйтерек» Ұлттық басқаруш ы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

-Қандай да бір жаңа жобаны қарастырғанда біз осы тұрақты даму көрсеткіштеріне қаншалықты сай келетініне мән береміз. Яғни, экологиялық, әлеуметтік мәселелердің шет қалмауын қадағалаймыз.

Экономикалық форум аясында осындай отырыс ұйымдастыруы да бекер емес. Тіпті, ұлттық компанияның 2014-2023 жылдарға арналған даму жоспары да тұрақты даму көрсеткіштерін ескере отырып жасалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде