{metadescription}
​Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерге арнап бөлек ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін
​Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерге арнап бөлек ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін

​Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерге арнап бөлек ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін

Сенатор Дариға Назарбаева бүгін  осындай бастама көтерді.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Кей мұғалімдердің отбасын күйеулері қамтамасыз етеді. Ал басқаларында  ондай мүмкіндік жоқ. Бір жалақымен өзін де, бүкіл ағайын-туысын да асырап отырады. Сондықтан, оларды мемлекеттік жұмысқа ынталандыру үшін арнайы бағдарлама құру керек.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселені несиелендіру жолымен шешуге болады. Яғни, арнайы тұрғын үй бағдарламасын жасап, онда тек мұғалімдер мен дәрігерлер ғана баспана алатындай болуы керек. Сондай-ақ, сенатордың ойынша жалпы нарықтағы үй бағасын арзандату қажет. Өйткені, қазіргі бағамен елді баспанамен қамтамасыз етіп үлгермейміз. Ал халық саны жылдам өсіп барады. Ол үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жеке компанияларға беру керек дейді Назарбаева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде