{metadescription}
​Тікелей эфир: Қазақстан әлі күнге өз-өзін бензинмен толық қамтамасыз ете алмай отыр
​Тікелей эфир: Қазақстан әлі күнге өз-өзін бензинмен толық қамтамасыз ете алмай отыр

​Тікелей эфир: Қазақстан әлі күнге өз-өзін бензинмен толық қамтамасыз ете алмай отыр

Мұнай өндіруші алпауыттардың қатарында тұрсақ та, Ресейдің жанармайына сол күйі тәуелдіміз. Ал елді газбен қамту көрсеткіші тіпті нашар,  50 пайызға да жетпейді. Бұған не себеп?  Бұл сұраққа бүгін Энергетика министріне депутаттар алдында жауап беруге тура келді.

Бозымбаевқа сенсек, міне, келесі жылы қарық болатын түріміз бар. Бірақ, шын мәнісінде қалай? Қазақстан мұнай өндіру көлемі жөнінен әлемдегі 15 алпауыт мемлекеттік ішіне кіреді. Бірақ, соған қарамастан былтыр бүкіл елге қажет бензин көлемінің 30 пайызы сырттан тасымалданған.

Дизельдік отын да сол шамада. Ал авиакеросин 60 пайызға дейін шетелден әкелініпті. Мұның бәрі көз көріп, құлақ сеніп отырған нақты мәліметтер. Импорттан биыл да құтылмайды екенбіз. Жетпей жатса, Ресейден сатып ала салу қашаннан бергі әдетіміз ғой. Ал Бозымбаевқа салсақ, 2019 жылы еліміз бензин және дизель отынымен, ұшақ жанармайымен толық қамтылады. Бірақ, ол үшін бір нәрсе орындалу керек.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Зауыттардың жаңғыртуы біткеннен соң, 3-4 айдан кейін сертификациялау жұмыстары бітеді. Жыл соңына дейін жұмыстардың бәрін бітірсек, келесі жылдан бастап 100 пайыз бензин, 100 пайыз дизотын, 100 пайыз авиакеросин өз зауыттарымыз арқылы ішкі нарығымызды қамтамасыз етеміз.

Астанаға көгілдір отын 2021 жылы жетуі тиіс. Ал келер жылы «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңі, яғни, магистральді газ құбырын Арқа төсіне жеткізу жұмыстары аяқталмақ. Бұл туралы алдыңғы бір жиындарда айтылған болатын. Содан бері өзгерген ештеңе жоқ. Бірақ, газ мәселесінде басқа нәрсеге назар аудартқым келеді.

Еліміздің аумағы көгілдір отынмен небәрі 47 пайызға ғана қамтылған. Бірақ, соған қарамастан Қазақстан шетелге газ экспорттауға құмар. Біздің жалпы экспортымыздың 50 пайызын осы мұнай-газ өнімдері құрайды екен. Жыл басынан бері газ экспорты бір жарым есе артыпты. Бұл да нақты статистикалық мәліметтер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде