Тікелей эфир: Алматыда менингококтық жұқпа меңдеді
Соңғы бірнеше күннің ішінде 3 адам осы қауіпті індеттен қайтыс болды. Арасында кішкентай бала бар. Менингит деп күдік туғызған тағы 50 ге жуық адам ауруханаға жеткізілген. Бірақ, дәрігерлер дабыралауға себеп жоқ деп әзірге жайбарақат отыр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
21.05.2018
Менингококтық жұқпаның Алматыда жайылғаны туралы ақпарат сенбі күні дүйім елді селк еткізді. Әлеуметтік желіні жеті адамның көз жұмғаны туралы ақпарат шарлап кетті. Екі күннен бері дүрліккен елдің күдігі сейілмей, үрейі үдегесін денсаулық сақтау басқармасы тек бүгін жиын өткізді. Айтуларынша, ауруханаға келген 47 адамның 15 де менингококтық жұқпа бары расталған. Ал, үш жан дендеген дерттен тілге келмей көз жұмған. Оның біреуі бүлдіршін.
Айзат Молдақасымова,қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
-Бала мен бір ересек адам бірнеше сағат ішінде менингококтық инфекцияның жедел түрде болған. Екінші адамның өліміне органдық жетіспеушілік және иммунитеттің төмендеуі себеп болған. Барлық өлім жітім жағдайы әртүрлі уақытта тіркелген және бір бірімен байланысты емес.
Менингокоты инфекция бактерия қоздыртатын ауру. Ол көбіне ешқандай симптомсыз қабынуы да мүмкін. Мәселен, 2016 жылы 66 жағдай тіркелген. Медиктер ойбайлап, дүрлігетіндей себеп жоқ дейді. Солай дей тұрғанмен Алматыдағы мектеп пен балабақшалардың ішіне оқушыларды тексеретін арнайы фильтрлар қойдырып жатыр.
Ауырмаудың жолын іздегендерге денсаулық сақтау басқармасы менингитке қарсы екпе жасауға кеңес береді. Ал, ол тегін емес. Былтыр құны 22 мың теңге болған. Бұл жағдайдан кейін ол екпенің бағасы одан сайын шарықтауы бек мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!