Kaspi.kz-те 12 айға бөліп төлеуге мүмкіндік беретін ерекше акция басталды
Kaspi.kz қазақстандықтарды тағы қуантады! Бүгін Kaspi.kz-те 12 айға бөліп төлеуге мүмкіндік беретін ерекше акция басталды.
Автор: Асыл Махмет
21.05.2018
Kaspi.kz таңқалдыруды жақсы көреді! Kaspi.kz пен Sulpak жетекші электроника желісінің жаңа акциясы екі апта бойы өтеді. Кір жуғыш машина, теледидар, тоңазтқыш, телефон және басқа да көптеген тауарларды 12 айға бөліп төлеу шартымен алуға болады. Біз Kaspi-дің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзеден акция туралы толық айтып беруді сұрадық.
-Біз сүйікті клиенттеріміз үшін Сулпакпен бірлескен акция өткізуді шештік. Акция кезінде әрбір қазақстандық 12 айға дейін артық төлемсіз, пайызсыз және комиссиясыз сатып алуға мүмкіндік алады. Тауарды Сулпак дүкендерінде және үйден шықпастан ұялы телефондағы Kaspi.kz қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Сүйікті клиенттерімізге сәтті сауда тілейміз!
Kaspi.kz-тегі акция басталған күні-ақ қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Айдана Аллажарқызы:
-Мен смартфон алғым келеді. Жұмысыма байланысты өте сапалы, мінездемесі өте жақсы телефон қажет. Себебі әлеуметтік желі арқылы тапсырыс аламын.
Жанат Рахметова:
-Біз былтыр ғана пәтер сатып алдық. Көп заттарды әлі алып үлгермедік. Қазіргі уақытта бізге тоңазтқыш керек.
Айдана Аллажарқызы:
-Бұл акция маған өте қатты ұнап тұр. Пайызсыз, 12 айға бөліп төлейсің. Және рәсімделуі де өте оңай екен.
Жанат Рахметова:
-Kaspi.kz акциясы бізге өте ыңғайлы. Kaspi.kz қосымшасына кіріп, үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады.
Айдана Аллажарқызы:
-Kaspi.kz-ке кіресің, Магазиннен тауарды таңдайсың, рәсімдейсің және үйге жеткізіп береді. Өте тамаша!
Kaspi.kz ұялы қосымшасы бір жарым миллионнан астам қазақстандық қолданатын еліміздегі ең танымал қосымшалардың бірі. Мұнда электроника, тұрмыстық техника және басқа тауарлардың сан алуан түрі бар. Дәл қазір акция аясында Сулпак электроника желісінен кез-келген тауарды 12 айға бөліп төлеуге сатып алуға болды. Бұл үшін қосымшаны жүктеп, сатылымдағы акция белгісі бар қажетті тауарды таңдау керек. Бөліп төлеу мерзімі мен жеткізу тәсілін таңдайсыз. Бірнеше минуттан соң сатып алуды мақұлданғаны туралы хабарлама аласыз.Акция 3-маусымға дейін жалғасады. Kaspi.kz-тен бөліп төлеу шартымен тиімді сатып алуды жақсы көретіндерді екі апта бойы мереке күтіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!