{metadescription}
Елімізде техникалық салаға бет бұрғысы келетін оқушылардың саны артқан
Елімізде техникалық салаға бет бұрғысы келетін оқушылардың саны артқан

Елімізде техникалық салаға бет бұрғысы келетін оқушылардың саны артқан

Елімізде техникалық салаға бет бұрғысы келетін оқушылардың саны күрт артқан. Бұған былтыр қараша айынан бері өткен республикалық «Өмірлік таңдау» форумы себеп болған.

Ауқымды шара еліміздің 5 аймағында өтті. Жеті ай ішінде мұндағы 250-ден астам мұғалім оқушыларға дәнекерлеуші,токарь,электрик, инженер сынды кәсіпті игерудің маңыздылығын түсіндіріп, түрлі семинар, лекцияларды өткізген.Тіпті зауыттарға экскурсия жасап, ұл-қыздарды бұл мамандық иелерінің жұмысымен таныстырды. Өйткені, жылда қаншама грант бөлінсе де, түлектер техникалық кәсіпті таңдай бермейді екен. Бірақ, осы форумнан кейін оқушылардың қызуғушылығы  артып, ойы өзгерген.

ӘЖДАР ДӘУЛЕТ, «ӨМІРЛІК ТАҢДАУ» ЖОБАСЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

-Жұмыссыздықтың мәселесіне тереңірек үңілетін болсақ, көп жағдайда ол адамның мамандықты дұрыс таңдамауынан болып келеді. Яғни, дұрыс таңдамаған соң, сабақты да дұрыс оқымайды, жұмысты да дұрыс істемейді. Осы мәселе біле тұра жобаны ұйымдастырдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.