{metadescription}
Маңғыстау облысында кен орнындағы өрттен зардап шеккендер хәл үстінде жатыр
Маңғыстау облысында кен орнындағы өрттен зардап шеккендер хәл үстінде жатыр

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрттен зардап шеккендер хәл үстінде жатыр

Ал Маңғыстау облысында Комсомольское кен орнындағы

өрттен зардап шеккендер хәл үстінде жатыр. Біреуінің денесінің 60, екіншісінің 50 пайызы күйіп қалған.

Облыстық ауруханада ем алып жатқан олар бүгін санавиациямен Астанадағы күйік орталығына жеткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, тыныс алу жолдарын от қарыған тағы бір адам жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Хәлі мүшкіл болғаны сонша, оны орнынан қозғалтуға болмайды. Ал, 4-ші жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Айта кетейік, 32 жастағы жігітті ажал құштырған және үш кісі оңбай күйіп қалған оқыс жағдай Маңғыстаудағы  кен орнында болған. Яғни ұңғымадағы күрделі жөндеу жұмыстары кезінде алапат өрт шығыпты. Қазір тілсіз жаудың тұтану себебі анықталуда.

Надырқожа Мұсаев, Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Жансақтау бөлімінде жатқан ауру өздігінен демала алмайды. Жасанды тыныс алу апаратымен демалып жатыр. Барлығы керекті ем-домдарын қабылдап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.