Көкшетау қаласында өртенген сауда үйіне от қасақана қойылған
Өрт сырттан келген. Жексенбі күні өртке оранған Көкшетау қаласы орталығындағы сауда үйіне от қасақана қойылған. Ғимараттың 450 шаршы метрі жанып кеткен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.05.2018
Тапа тал түсте сауда үйін әп сәтте орап алған қою қара түтіннен ондағы саудагерлер ғана емес, демалыста базар аралап жүрген жұрттың да зәресі кеткен. Өрт сөндірушілер келгенде тілсіз жаудың өрши түсуіне қатты соққан жел де себеп болды. Алғашқыда 3 арнайы техника келіп, кейіннен өрттің беті қатты болған соң дабыл қағылып жеке құрам мен қолда бар техника көмекке келген. Ғимарат тез тұтанғыш алюкобондпен қапталғандықтан оның жануы да жылдам болды. 35 адам сауда үйінен сыртқа шығарылып, әйтеуір ешкім зардап шеккен жоқ.Саудагерлердің бақытына қарай, өрт ғимарат ішіне кірмепті. Ғимараттың шатыры түгел жанып , сырты жартылай өртенген. Осы нысанды ақпан айында арнайы қызметтер тексеріпті. Сол кезде 32 түрлі өрт қауіпсіздігін сақтамау фактілері анықталған. Бірақ, құтқарушылар бұл апат сырттан келген деп тұр.
Олег Малюк,Ақмола облыстық ТЖД бөлім бастығы:
-Өрттің нақты шығу себебі әзірге анықталып жатыр. Сараптама жасалғаннан кейін ғана айта аламыз. Әзірге белгілісі, тілсіз жау сырттан келген. Біреудің қасақана өрт қоюуы мүмкін бе деген де жағдай қарастырылуда.Иә ,жоспарлы тексеріс ақпан айында өтті,бірақ барлық өрт қауіпсіздігінен жасалған ескерту уақытында орындалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!