Менингит дендеген Алматыда жағдай ушығып барады
Мегаполиста менингит меңдеді. Алматыда ресми ақпарат бойынша соңғы 3 күннен бері жұқпалы дерттен 3 адам көз жұмған. Оның біреуі 4 жастағы бүлдіршін. Ал, ауруханаға түскен 50 ге жуық адамның 15-інен менигококктық инфекция бары расталған. Денсаулық сақтау басқармасы дабыралауға себеп жоқ деп жайбарақат отыр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
21.05.2018
Жұқпалы дерттің құрбаны болған төрт жастағы Гордей барған балабақшаның есігі қазір тарс жабық. Болған жайды қалай қорытарын, қайтерін білмеген ата-аналар оқыс оқиғадан кейін жаппай балаларын дәрігерге қаратып жатыр.
Гауһар Шеризатова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Өзім жақсы қабылдаған жоқпын. Менде қорқыныш болды. Басқа ата-аналар да солай қорқып отыр деп ойлаймын енді. Ешқандай жалоб жоқ. Ол енді не болса да бала бассейнге барған деп естідік.
Балабақшадан бөлек Гордей барған бассейін де уақытша қызметін тоқтатқан. Қайдан екені белгісіз, менингококтық инфекция бассейннен жұқты деген ақпарат лезде қаудай лап етті. Мекеме басшылығы хлорланған судан дерттің жұғуы мүмкін емес деп ағынан жарылып отыр.
Сенбіден бері дүрліккен дүйім ел үрейі басылмағанын көргесін, денсаулық сақтау басқармасы тек бүгін ғана болған жай бойынша жақ ашты. Айтуларынша ауруханаға түскен 47 адамның 15 де менингококтық жұқпа бары расталған. Ал, үшеуі дендеген дерттен тілге келмей көз жұмған.
Айзат Молдақасымова,қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
-Бала мен бір ересек адам бірнеше сағат ішінде менингококтық инфекцияның жедел түрде болған. Екінші адамның өліміне органдық жетіспеушілік және иммунитеттің төмендеуі себеп болған. Барлық өлім жітім жағдайы әртүрлі уақытта тіркелген және бір бірімен байланысты емес.
Медиктер ойбайға басып, қара бұлт төндіруге себеп жоқ дейді. өздері солай дей тұра мектептер мен балабақшаларда оқушыларды тексеретін арнайы фильтрларды орнатуды бастаған
Бақытгүл Қадырова, мектеп мейірбикесі:
Бүгін бір он шақты баланы тексердім. Температурасы жоқ. шамалы катаральныйда бар. басы ауырған. Жаңбыр жауар алдында балаларда ондай болады шамалы. Былай температурасы жоқ, бәрі жақсы. Тамақтарын қарадық. Анау мынау осложнение ештеңе жоқ. бәрі дұрыс.
Ауырмаудың жолын іздегендерге денсаулық сақтау басқармасы менингитке қарсы екпе жасауға кеңес береді. Бірақ, ол тегін емес. Былтыр құны 22 мың теңге болған. Айта кетейік 2016 жылы менигит дертіне 66 адам шалдыққан.
Мегаполисте меңдеген менингиттің қауіпі сейілді ме? Бұл сұрақ алматыдылықтарды сенбіден бері сергелдеңге салып, түн ұйқыларын төрт бөлгендей. Көпшілік ата-ана балаларын үйден шығармауды жөн көреді. Ресми ақпарат бойынша жұқпалы дерттен үш адам көз жұмған. Ал, әлеуметтік желіде менингиттің кемі жеті адамның өмірін жалмағаны туралы мәлімет желдей есіп жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!