{metadescription}
Астанада жарымжан жасөспірімдер өзара сайысуда
Астанада жарымжан жасөспірімдер өзара сайысуда

Астанада жарымжан жасөспірімдер өзара сайысуда

Еліміздегі ең талантты мүмкіндігі шектеулі оқушылар Астанада жүр.  Бітімі  бөлек жасөспірімдер спорт пен өнерден өзара сайысуда.

Құралай Түсіпбекова, Ұлттық дельфий комитетінің директоры:

-Бұл сайыстың ерекшелігі - паралимпиадалық комитет әлі де қолдамай жүрген спорт түрлерін қолдау ең басты мақсат. Сондықтан міне волейбол болса құлағы естімейтін, нашар еститін балаларға арналған. Жеңімпазды халықаралық, республикалық сайыстарға қатысушы ретінде мүмкіндік туады.

Тұңғыш президент қоры  «Жеңістерге бірге» жобасын былтыр бастаған.  Ұйымдасытрушылар биыл да Елордаға ерекше дарынды жасөспірімдерді жинапты.  Бұл жолы есту қабілеті нашар балалар волейбол ойнайды. Көзі  көрмейтін оқушылар қоңыраумен жүгіреді. Және өзі жүріп-тұра алмайтын жеткіншектер шахмат ойнайды, суда жүзіп, би билейді. Паралимпиадалық старттарға еліміздің тоғыз облысынан 164 үміткер қатысуда. Мәселен, Шығыс Қазақстаннан келген Әлібек Төлегенов туғанынан жүрмейді. Ол бүгін  арбамен билейді.  Халықаралық сайыстардың жеңімпазы сахнаға шыққанда қандай  көңіл күйде болатынын және арбамен билегенде ескерілетін  басты ережелерді  айтып берді. 

Әлібек Төлегенов,  биші:

-Билегенде басқа неде болам, бөлек, басқа бір сезімге бөленесің. Қасыңдағы партнерыңды сезіну керек. Омен тығыз байланыста болу керек.Билегенде бір-біріңді ыммен түсіну керек. Арбаны өзіңнің аяғың ситяқты сезу керек, денеңмен тығыз байланыста болу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде