Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай өскен
Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай өскен. Соңғы он жылда 21%-ға артыпты.
22.05.2018
Былтыр дүние есігін 400 мың сәби ашқан. Әрбір 100 қызға, 107 ұлдан келеді. Оның ішінде 226 мың бала қалалық жерде туылса, ауылда 163 мыңы туылыпты. Сондай-ақ Қазақстан бойынша ең жоғарғы туу деңгейі Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Ондағы перзентханаларда жылына мың адамға шаққанда 29 сәби туылады. Солтүстік Қазақстан облысы болса көштен қалып, мың адамға небәрі 13-ақ нәресте бар. Сондай-ақ мамандар көбінесе орталыққа босануға келген әйелдердің жасы орташа есеппен 28-ді құрайды дейді. Сарапшылардың мәліметінше, елімізде бала туу көрсеткіші 2013-15 жылдар аралығында бір қалыпты болған. Ал, осы жылы кішкентай қазақстандықтардың саны едәуір арта бастапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!