{metadescription}
Ішкі істер министрлігі орман өрттерін ауыздықтауға дайын емес
Ішкі істер министрлігі орман өрттерін ауыздықтауға дайын емес

Ішкі істер министрлігі орман өрттерін ауыздықтауға дайын емес

Ішкі істер министрлігі орман өрттерін ауыздықтауға дайын емес! Әсіресе, аймақтағы төтенше жағдай қызметкерлері тілсіз жаумен күресуге қауқарсыз. Өйткені, қажетті техника жоқ. Барының өзі іске жарамсыз. Сондықтан, Үкіметте есеп берген Қалмұханбет Қасымов техникаға ақша бөлуді тағы сұрап келді.

Негізі, Ішкі істер министрі көктемгі тасқын кезінде де топан сумен күресуге техника жетпейтінін айтып шағымданған еді. Енді күн жылып, жаз жақындағанда орман, дала өрттерін ауыздықтай алмай отырмыз дейді.Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы,батыс Қазақстан секілді аймақтағы өрт сөндірушілердің қолы байлаулы. Отқа оранған жасыл желекті құтқару үшін қарапайым су толы көліктен бастап, тікұшақтарға дейін жеткіліксіз. Сондықтан, алқаптар шетінен күлге айналып, миллиондаған шығын келтіріп жатыр. Осы кезде премьер Бақытжан Сағынтаев, министрден өрттің неге көбейіп кеткенін сұраған еді. Бірақ, Қасымов сауалды қайта өзіне ысырып тастады.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Мына сұрағыңызға рахмет. Сіз шешіп едіңіз 2 миллиард ақша береді деп. Міне бүгінге дейін ала алмай жүрміз. Енді мынаған келдік, тағы сұраймыз, сөйтіп жылдың соңына дейін тағы бермей қояды ақшаны. –Бақыт Тұрлыханович, ақша қайдан қай бюджеттен бөлінеді?

Ал, Қаржы министрінің айтуынша, техникаға қажетті миллиардтар республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс. Бірақ, нақты мерзімдері айтылған жоқ.Сондықтан, төтенше жағдай қызметкерлерінің әзірге қолда барды жарата тұруына тура келетін түрі бар. Ал, осы кезде премьер аймақтағы әкімдерге дереу техника сатып алуға тапсырма берді.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-Біз енді баспасөз беттерінен, оқып көріп отырмыз, әкімшіліктерге қымбат көліктер жылда сатып алынады. Ал, мына орман дала өрттерін сөндіруге байланысты болмаса, тасқын суға тойтарыс беруге келгенде ақша жоқ болып қалады. Сол себептен әріптестер өңірлердегі осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймыз.

Айта кетейін, елімізде соңғы 5 жылда 20 мыңнан астам орман мен дала өрті болып, 2 миллион гектарға жуық алқапқа зақым келген екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде