{metadescription}
Алматыда Еуразия медиа форумы басталды
Алматыда Еуразия медиа форумы басталды

Алматыда Еуразия медиа форумы басталды

Құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем. Алматыда осындай атаумен Еуразия медиа форумы басталды. Үш күнге жоспарланған шараның алғашқы күнінде танымал шетелдік журналистер шеберлік дәрістерін өткізді.

Әп-сәтте әлемнің кез келген түкпірінен ақпарат алу, мобильді журналистиканың аяқ алысы туралы, «Хэштег ауа сторис» компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар баяндады. Ал, ВВС де 14 жыл еңбек еткен әскери журналист Шахида Төлегенова қауіпті аймақтан репортаж жасаудың қыр-сырымен, тәжірибесімен бөлісті. Форумның негізгі жұмысы ертең басталады. Айта кетейік, Еуразия медиафорумы өз тарихында 6000 аса шетелдік қатысушыларды, оның ішінде танымал журналист, саясаткер, экономистер мен ғалымдарды Қазақстанға жинады.

Шахида Төлегенова, әскери тілші:

-Ең алдымен тілшілерді дұрыс дайындау керек. Ақпараттың растығын бүге-шегесіне  дейін тексеру бірінші  кезекте тұруы тиіс. Шеңберден шығып, әскери тақырыптарды көбірек көрсету керек деп ойлаймын. Мәселен, Ауғанстанның өзінде қаншама текетірестер болып жатады. Бірақ, одан хабар тарату үшін журналист үлкен дайындықтан өтуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде