Түлектер аудиторияға ұялы телефон мен шпоргалкаларды оп-оңай алып кіруі мүмкін
Түлектер аудиторияға ұялы телефон мен шпоргалкаларды оп-оңай алып кіруі мүмкін. Бүгін ҰБТ-ға әзірлік туралы айтқан Білім министрі, кейбір аймақтардың тестілеуге мүлдем дайын емес екендерін жеткізді. Тіпті, олардың ұялы телефон сигналын басып, металл іздейтін қарапайым құрылғылары жоқ.
Автор: Досжан Маратұлы
22.05.2018
ЕРЛАН САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ
- 4g мобильдік сигналдарын басу құралдарын, металл іздегіштер, онлайн трансляциялау камераларын сатып алу және ҰБТ өткізу пунктерімен қамтамасыз ету қажеттігі туралы хат жолданған. Бүгінгі мониторингке сәйкес региондарда ҰБТ пунктері әлі заманауи техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеген.
Бірақ, Ерлан Сағадиев тестілеуге нақты қай облыс, елді-мекендердің дайын емес екендігін ашып айтқан жоқ. Ал, мектеп бітірушілер үшін басты сынақ ҰБТ-ның өзі 20-шы маусымда басталады. Оған қатысатын 100 мыңнан астам түлектің басым бөлігі, нақтылап айтқанда 75 пайыздан астамы тестілеуді қазақ тілінде тапсыруды қалапты. Ал, емтихан форматы өзгеріссіз. Оны ұл-қыздар былтырғы тәртіппен тапсыра береді. Тек, сұрақтардың басым бөлігі жаңартылған. Жоғарғы ұпай 140 балл. Оқу орнына түсу үшін түлектер кемі сұрақтардың 60-ына дұрыс жауап беруі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!