{metadescription}
Алматыда із-түссіз жоғалған бүлдіршін өлі күйінде табылды
Алматыда із-түссіз жоғалған бүлдіршін өлі күйінде табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған бүлдіршін өлі күйінде табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған бүлдіршін өлі күйінде табылды. 4 жасар баланың сүйегін сақшылар бірер сағат бұрын көрші үйдің ауласындағы кәріз құдығынан алып шыққан....

strong>Әрсен Көмеков 6 күн бұрын алаңсыз ойнап жүріпжоқ болып кеткен еді. Оны іздеуге 100-ден аса адам кірісіп, алдымен маңайдағы құдықтарды тексеріп шыққандарын айтты. Алайда, көрші үйлердегі шұңқырлар ең соңында естеріне түсіпті.

Ұлынан қапыда көз жазып қалған ата-ананың үміті үзілді. Перзентін аман-есен құшаққа алуды аңсап отырғанда, қаралы xабар жетті. 4 жасар баладан мәңгіге айырылып қалғандарына олар әлі сене алар емес.

4 жасар баланы сақшылар бірер сағат бұрын мына шұңқырдың ішінен өлі күйінде алып шықты. Бүлдіршін алысқа ұзамапты. Яғни, көршісінің ауласындағы кәріз құдығына түсіп кеткен екен. Айта кетсек, қалдық суға арнап қазылған жердің тереңдігі 1 жарым 2 метрдей болады.Кәрізде жатып қалған баланың мүрдесі қазір мәйітханада. Ол құлаған кезде құдықтың ашық, не жабық болғаны нақты белгісіз. Үйдің иелері мән-жайды айтудан ат тонын ала қашты.

-Жоқ мен көрмедім. Баланы ваще көрген емеспін.

Әрсен Көмеков 6 күн бұрын жоғалған болатын. Ол жалдамалы үйінің алдында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген. Кейін жақындары баланы таппай қалып, полицияға шағымданыпты. Оны іздеуге 100-ден аса адам кірісіп, алдымен құдықтарды тексеріп шыққандарын айтқан-ды. Бірақ, тиіп тұрған үйлердің аулаларын бүгін ғана қараған.

Сырым Шәуенов, куәгер:

-Участковый келді үйге. Осылай-осылай біз қарайық, туалеттерді қарайық деп. Көріңіз деп көрсеттім. Таппады ештеңе. Содан жүрген осы жердеБір уақытта өздері жиналып қалды да осы жерге, лента тартып. Баланы тапқанын білдім да.

Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Кішкентай баланың өліміне не себеп болғанын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл құдықтың иелері міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады.

Ал, қара жамылғандар жерлеу қамына кірісті. Оқыс жағдайдан көрші-көлем де әбден есеңгіреп қалыпты. Олар енді аула мен көшелердегі бүкіл құдық мықтап жабылса деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.