{metadescription}
Атырауда лифт шахтасында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырауда лифт шахтасында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда лифт шахтасында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда жеделсатының шахтасында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге тергеу тек дерек бойынша жүргізілуде. Тәртіп сақшылары істің алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтады. Ал жергілікті шенеуніктер әдеттегідей адам өлімінен соң ғана әрекет етуге кірісті. Олар шұғыл түрде тұрғын үйлердегі лифтілердің қаншалықты қауіпсіз екенін тексермек. Атқамінерлер енді сонау Алматыда отырып, атыраулықтарға қызмет көрсетумен айналысқан «Каспий Лифт» компаниясы басшыларын шақыртып, шаңын қағамыз деп отыр.

Оқиға кеше кешкілік, міне, дәл осы жерде болған. Жұмыс істемейтін жүк тасығыш лифтіні ашып көрмек болған екі жасөспірім 15-ші қабаттан төменге құлап кеткен. Мұнда қайғылы оқиғадан кейін де қауіпсіздік шаралары жасалмаған. Тұрғындарға әлі де қауіп төніп тұрған жайы бар, өйткені лифтінің есігі жартылай ашық тұр.Болған оқиғадан кейін әлі де ес жия алмай жүрген тұрғындардың айтуынша, 15 жастағы қос жасөспірімнің бірі осы үйде тұратын тумаларына қонаққа келген.

Шынар Дүйсенғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Есікті ашсам, бір орыс келіншек «помогите» деп, көршілер де келген, мен мына жерде уже алып жатыр, мен есікті қайтадан жаптым ананы көре алмай, екі баланы шығарған уже. Екі бала ол кезде тірі болды. Одан кейін скорый шақырдық, келіп болмады, линия занят болды.

Балалардың бірі оқиға болған жерде жан тапсырса, екіншісі арада бір сағат өткенде аурухананың жансақтау бөлімінде үзілген. Дәрігерлердің айтуынша, екеуі де бастан қатты соққы алған, омыртқа, мойындары сыныпты.

Бауыржан Ахметқалиев, Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Несовместимо с жизнью дейді ғой, сондай жағдай болып кетті. Бүкіл деген бүкіл травма алған. 15-ші этаждан құлаған бала қалай, сау жері жоқ.

Осыдан бір ай бұрын Ақтөбеде болған қайғылы оқиғадан атыраулық әкім-қаралар әлі де сабақ алмапты. Өйткені осы уақытқа дейін алаңсыз отырған олар енді жеделсатыларды шұғыл түрде тексерістен өткізбекші. Ал бүгінгі тиіп-қашып таратқан ақпараттарына қарағанда, түндегі жағдайға тұрғындардың өздері кінәлі сияқты.

Талғар Хабибуллин, Атырау қалалық әкімдігінің бөлім басшысы:

-Бұл үй пайдалануға берілгеннен кейін жалпы тұрғындардың өздерінің жеке иелігіне берілді ғой, үй иелікке берілгеннен кейін соның ішінде лифт те тұрғындардың жеке иелігіне беріледі. Ал тұрғындар әрбірі өз тарапынан «Каспий Лифт» мекемесімен келісім-шартқа отырған.

Жалпы, ресми дерекке сүйенсек, Атырау қаласындағы 94 көпқабатты үйде 250-ден астам жеделсаты болса, оның 32-сі мүлдем жұмыс істемейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде