Астанада болған алапат дауыл 80 миллион теңге шығын келтірген
24 үйге зақым келіп, 7 бірдей мектеп пен аурухана, балабақшаның шатырлары ұшқан. Астана әкімдігі алапат дауылдың салдарымен күресіп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.05.2018
Әсіресе, Бейбітшілік және келісім сарайы қазір ұсқынсыз күйде. Ал қаладағы қабырғалары ұшқан үйлер мен жалбырап қалған жарнамалардан бөлек, құлап не қисайып қалған қоршаулардың жалпы ұзындығы екі жарым шақырымға жетеді. Табиғи апат салдарын жою үшін Астанада 500 техника жұмылдырылған. Шығындарын өндіру үшін жұрт сақтандыру команияларын жағалап жүр. Алдына ала болжам бойынша алапат дауыл тұрғындарға 80 млн теңгеге шыған келтірген. Бір анығы, халыққа алдын ала ешқандай дауылды ескерту туралы хабарлама таратылмаған. Ал «Қазгидромет» оның себебін әлі ашып түсіндірген жоқ. Айта кетейік, кешегі дауыл тек Астанада ғана емес, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын да біраз дүрліктірген. Петропавлда да кран құлап, ағаштар түбімен қопарылып, көліктерді басып қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!