{metadescription}
Ақтөбеде құтқарушылар еріктілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр
Ақтөбеде құтқарушылар еріктілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр

Ақтөбеде құтқарушылар еріктілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр

Ақтөбеде судан құтқару қызметі еріктілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Өйткені, ауыл-аймақтарда өзен бойын бақылайтын құтқарушылар қарастырылмаған. Сондықтан төтеншеліктер жүзе алатын жігіттерді жинап жатыр.

Суға түсу маусымы келер аптада басталады. Бірақ құтқарушылардың тыйымына қарамастан шомылып жүргендер бар. Тіпті, Ойыл ауданында елудегі тұрғын суға кетіп қаза тапты. Осындай жағдайлар болмас үшін еріктілерді мамандар оқытып жатыр. Облыс бойынша жүзе алатын 70 жігітті жинаған. Олар судан құтқару әдістерін үйренеді. Сосын жаз бойы ауыл маңындағы өзен-көлдерді бақылауды міндетіне алады. Бірақ ерікті болғандықтан, ол қызметіне ақы төленбейді. Дегенмен судан құтқару әдісін үйренуге келгендердің барлығының дерлік жұмысы бар. Көбі – дене шынықтыру пәні мүғалімдері мен әкімдік қызметкерлері.

Руслан Жұлмағанбетов, Қызылбұлақ ауылының тұрғыны:

-Жоқ, ол үшін төлемейді. Біздер ерікті жасақпыз. Сұранып келгенде төтенше жағдай бойынша бірінші менің функционалдық міндетіме кіреді. Екіншіден, әрбір қазақ азаматы мен азаматшасы әрбіріне көмектесуге міндетті деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде