Ақмола облысында тұрғындар мен шаруа қожалығы жасанды көлге таласуда
Ақмола облысында екі бірдей ауылдың тұрғындары мен жергілікті шаруа қожалығы жасанды көлге таласып жатыр. «ҚазБиф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегілер өздері еккен жүгері алқабына...
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
23.05.2018
trong>тіршілік нәрін жеткізу үшін сорғыш орнатпақ болып, тоғанның маңын қазып тастағанымен қоймай, жерін тікенек сыммен қоршай бастаған. Ал тұрғындар онсыз да таязданып бара жатқан су қоймасын сақтап қалуға талпынуда. Қос ауылдың жұрты малы су ішіп, өздері демалатын жалғыз көлді ешкімге бермейміз деп бекінген.
Еңбекшілдер және Ақтас ауылдарының тұрғындары бөгет маңының қазыла бастағанын көріп, өре түрегелген. Олар алғашқыда бұл маңайды ретке келтіріп жатыр деп ойлапты. Сөйтсе, жеке серіктестік көлге сорғыш орнатып, егістігіне су айдамақшы екен. Ал жұрт осы жалғыз көл сарқылса, не боламыз деп отыр.
Дулат Сүлейменов, Еңбекшілдер ауылының тұрғыны:
-Мынау құрғап кетсе, еліміз ертең құриды..2 ауыл қарап отыр. Бізде население қалың. Ел көп мықты.Малдың арқасымен тіршілік көріп жатыр. Ешкім санасқан да жоқ, сұраған да жоқ, санаспайды да.
1 мыңға жуық тұрғыны бар екі ауыл жұрты жазда өздері демалып, малы суын ішетін тоғанды жекенің пайдасына берерде әкімдер тіпті ескерткен де жоқ,- дейді. Бұған дейін жайылым мен егістік жерлерді алғанда серіктестік меншігін жан адам кіре алмастай етіп, бірден қоршап алған.
Мынау қоршау жүздеген шақырым жерді алып жатыр. Тікенек сыммен серіктестік осылайша өздеріне тиесілі жерді қоршап келеді екен. Тұрғындардың бұлайша дүрлігуіне де себеп – осы! Олар жақын арада көлді де қоршап алуға әзірленіп жатыр дейді шулаған жұрт.
Ал серіктестік басшылары біз мемлекеттік бағдарлама бойынша, бөгетті қайта жасақтасақ одан халыққа тек қана пайда болады деп тұр. Мұның үстіне 25 адамды жұмыспен қамтитынын айтады.
СЕРІКБАЙ САДЫҚОВ, ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
-Қазір көлдің аумағының суы 3 есеге көбейеді. Проект бәрі уже бітті. Осы күзде строительствасын істеуді бастайды. Сол кезде көлдің арнасы көтеріліп, бұл вообще только жақысы болады и халыққа, малдарға да,бізге де. Қоршау деген вообще сөз жоқ. Біз өз жерімізді қоршаймыз.
Серіктестік бұл бөгеттің суын пайдалануды қолға алмас бұрын Тараздан су шаруашылығы мамандары келіп тексерген. Ондағылар 1 миллирд 200 текше метр тіршілік нәрі бар тоғанның құрып кетуіне біз де жол бермейміз дейді. Ол үшін қомақты қаражат бөліп, су көздерін қоспақ. Алайда тұрғындар бірте-бірте меншігіне алған соң бұл маңға тіпті жақындай алмай қаламыз ба деген күдікпен отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!