Шымкентте бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел көз жұмды
Шымкенттегі перзентханада бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел жан тапсырды. Осыған дейін №1 облыстық перинаталдық орталыққа түскен 30 жастағы Гүлжайна Байбосынованың босанған соң жатыры дұрыс тазаланбай қалған. Осылай деп шағымданған туыстары оның күтімі де болмағанын айтқан еді.
Автор: Бек Әбиев
23.05.2018
Зәрінде ақуыз көп болған соң өзі тұратын Сарыағаш ауылынан облыстық перинаталдық орталыққа жіберген. Мұнда келіншекті жасанды екпелермен босандырған. Бірақ жатырдағы серігі жөнді тазаланбапты. Қан қысымы көтеріліп, гемоглобині тым түсіп кеткен соң қосымша қан құйған. Алайда, қанды мөлшерінен тым көп құйып, ал Гүлжайнаның өзі таңға дейін қараусыз қалған көрінеді. Салдарынан миына қан құйылған әйел бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Оның артында бір ғана апталық қызы қалды. Қазір бұл жәйт бойынша денсаулық сақтау депратаменті тексерістер жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!