Ауыл әкімдерін тұрғындар таңдайды
Ауыл әкімдерін тұрғындар таңдайды. Сайлау туралы жаңа заң жобасына сай, енді елді-мекендердің басшысын жергілікті халық жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Ал үміткерді саяси партия ұсынуы тиіс.
Автор: Жәудір Оразхан
23.05.2018
Марат Бекетаев, Әділет министрі:
- Бұл бірінші ретте саяси партиялардың рөлін кеңейту мен дамытуға бағытталған. Ауыл әкімдер үшін оны ұсынған саяси партия жауапты болады. Осылайша, әкімнің жұмысы бір адамның емес, бүкіл саяси партияның жауапкершілігі болады. Сол себептен.
Бірақ, үміткердің партия мүшесі болуы міндетті емес. Яғни, ауыл әкімі болғыңыз келсе, белгілі бір партияға барып, сайлауға қатысуға ниет білдіресіз. Егер саяси ұйым сіздің кандидатураңызды құптап, қолдаса, додаға қосады. Сайлауда жұрт жасырын дауыс беру арқылы таңдау жасайды. Жеңіске жеткен азамат елді-мекенді 4 жыл басқарады. Қазір шағын қала, ауыл басшысын аудан әкімі мәслихат депутаттарымен ақылдасып тағайындайды. Сондай-ақ, бұдан былай мәслихат депутатына үміткерді де партия ұсынады. Бірақ, бұл жерде алдымен партияның өзі сынақтан өтуі тиіс. Саяси ұйым сайлаушылардың кем дегенде 7 пайыздық дауысын жинағанда ғана мәслихат сайлауына кандидат қоса алады. Мәжілісмендер жаңа құжатты бірден екі оқылымда қарап, мақұлдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!