Лифт пен эскалатордағы апатқа айыптылар іздестірілуде
Лифт пен эскалатордағы апатқа айыптылар іздестірілуде! Атыраудағы лифтіде болған қайғылы оқиғаға қатысы барлар мен Астананың сауда орындағы сатыға салғырт қарағандарды анықтап, жазасын береміз деді бүгін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Автор: Жәудір Оразхан
23.05.2018
Естеріңізге салсақ, күні кеше Атырауда екі бала ашық тұрған лифтінің шахтасына құлап кеткен болатын. 15-ші қабаттан төмен құлдилаған қос жеткіншек сол күйі тілге келмей жұз жұмды. Қазір бұл жағдайды полицейлермен бірге лифтілердің техникалық қауіпсіздігіне жауапты Инвестициялар министрлігі де тексеріп жатыр. Апат болған жүк таситын лифт, төрт жылдан бері тоқтап тұрған екен. Қасымбек Астанадағы оқыс оқиғаға қатысты да пікір білдірді. Елордада сауда орталықтарының бірінде екі жасар қыздың қолын эскалатор қысып қалған болатын. Жаңа эскалатор жақында іске қосылыпты. Ал балаға анасы ие бола алмай қалған. Кішкентай қыз қазір ауруханада.
СНХ: Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
-Эскалатор бойынша, біздің комитет бар. Комитет кеше мәліметті алдық. Осы оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. +083945 Атыраудағы жағдай бойынша айтсақ, тұрғынүйде болған жағдай. Біздің министрлік ол өндірістегі лифтілерге жауапты. Мына лифтілеге сол әкімшіліктер жауапты. Бірақ, біз Атырау әкімшілігімен бірігіп тексеру өткізіп жатырмыз
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!