Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған бала шетінеп кетті
Қостанайда қоқыс жәшігінде табылған бала шетінеп кетті. Суықта ұзақ жатып қалған сәбиді дәрігерлер қанша арпалысса да құтқара алмады. О баста сап-сау боп...
Автор: Аруна Ортай
23.05.2018
trong>дүниеге келген шақалақты жаны ашымастан қоқыстың арасына лақтыра салған анасын енді полицейлер аяқтан тік тұрып іздеп жатыр.
Нәресте кеше кешкісін табылған. Жәшіктің ішінде шырылдаған даусын қоқыс төгуге шыққан тұрғындар естіп қалып, дереу полицияға хабар беріпті. Жаңа туылған нәрестенің өмірі үшін дәрігерлер таңға дейін күрескен. Өкінішке орай, шақалақ шетінеп кетті. Анасы керек қылмай, қоқысқа тастаған ұл бала екен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, полицейлер тасжүрек келіншекті іздестіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!