{metadescription}
Астанада дауыл келтірген шығынның көлемі белгілі болды
Астанада дауыл келтірген шығынның көлемі белгілі болды

Астанада дауыл келтірген шығынның көлемі белгілі болды

Астанадағы дауыл зардаптарын жоюға 235 миллион теңге керек. Бірақ, қаржы көлемі ұлғаюы мүмкін. Өйткені, келген шығын әлі есептеліп жатыр. Ал бүгін Елорданың әр жерінде қираған қоршауларды құрылысшылар қалпына келтіре бастаған. Бірақ, бұл дауылдың соңы емес. «Қазгидрометтің» алдағы үш күнге жасаған болжамына сенсек, солтүстік пен солтүстік-шығыс өңірлер тағы да суық ауа ағымдарының астында қалмақ.

Астана алапат дауылдан кейін енді ес жия бастады. Көшелерде қираған, құлаған темір қоршаулар әлі де көп. Құрылысшылар оларды қайта тұрғызып, бекітіліп жатыр. Ал бір беті быт-шыт болған Бейбітшілік және келісім сарайына әлі ешкімнің қолы тимеген. Бір бүйірі үңірейіп, өзінің ұсқыны қашып-ақ тұр. Оны ғимарат басшылығы өз қаржысына жөндейтін болыпты. Жалпы, зақым келген ғимараттар негізінен қаланың сол жағалауындағы нысандар екен.

Еркін Отарғалымұлы, Астана қаласы ТЖД бөлім басшысы: 

- Жалпы ауданы 5907 текше метр ауданда 28 тұрғын үйдің қасбеті зақымданды. Жалпы ауданы 5316 метр ауданды құрайтын 24 әллеуметтік нысанның қасбеттеріне зақым келген.  Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 9290 метрді құрайтын қоршаулар құлады.

«Пирамидадан» басқа дауыл зардабы тиген тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың барлығы бюджет есебінен жөнделетін болды. Дегенмен, дауылды жауыннан кейін көкейде қалған сұрақ, төтенше жағдайды неге алдын ала ескертпеген? Сөйтсе, оны болжап білуге «Қазгидрометтің» шамасы жетпепті.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Қазгидрометтің техникалық жабдықталуы нашар болғандықтан, бұндай жергілікті құбылыстар болжамы қиындық туғызуда. Бірақ алдағы 3 жылда Қазақстанның барлық аумағы 25 метеорологиялық радармен жабдықталады деген жоспар бар.

Яғни, ол жабдықтар орнатылғаннан кейін ауа райының мұндай оқыс құбылыстарын 3-4 сағат бұрын болжап білуге болады. Ал «Қазгидрометтің» алдағы үш күнге жасаған болжамы көңіл көншітпейді. Астананы дүрлшіктірген кешегі жаңбырлы дауыл шығысқа қарай сырғып барады. Ал мамырдың 25-26-сы күндері Солтүстіктегі Баренц теңізінен келіп жететін суық ауа еліміздің солтүстігі мен солтүстік-шығыс аумақтарын тағы қыспаққа алайын деп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде