Алматыны дүр сілкіндірген дүлей дауыл мешіттің күмбезін қиратты
Астананы кеше ғана дүр сілкіндірген дүлей дауылдың ұшқыны бүгін Алматыға да жетті. Түс кезінде басталған күшті жел шаһардағы «Байкен» мешітінің күмбезін зақымдаған.
Автор: Әйгерім Шакаманова
23.05.2018
Нұрболат Дүйсебаев, «Байкен» мешітінің наиб-имамы:
-Әрине, бұл табиғи құбылыс, желдің қатты соққандығынан мына күмбездегі кішкентай қаңылтырдың 3-4 ұшып кетті. Жалпы ешкімке ешқандай зиян тиген жоқ, ешкім зардап шекпеді
Қатты дауылға мешіт күмбезінің алтын түстес қаптамалары шыдас бермей ұшып кеткен. Қазір төбенің сол зақымдалған бөлігі қайта жөнделіп жатыр. Күшті жел Қарағанды қаласының тұрғындарын да біраз әбігерге салды. Ауа райы кеше ғана +25 градусты көрсетсе, бүгін қуатты жел соғып, ағаштарды құлатып тастады. Дауылды ескерту Павлодар облысында да жарияланғанын айта кетейік. Ондағы желдің күші секундына 28 метрге дейін жетіп, аудандардағы бірнеше нысанның төбесін жұлып әкеткен. Ал қар аралас жауған жаңбыр алыс жолға шыққан жүк көлігі жүргізушілерінің қозғалысын бөгеді. Қолайсыз ауа райы еліміздің солтүстік өңіріне де жеткен. Петропавлда күшті желдің кесірінен құрылыс краны құлап қалды. Дүлей дауыл балаларға арналған спортnық кешеннің төбесін де жұлып әкеткен. Құдай сақтап, зардап шеккен ешкім жоқ. Күшті желге мұндағы ағаштар шыдас бермей, маңайдағы көліктердің үстіне құлаған. Қазір келтірілген шығын көлемі есетеліп жатыр. Синоптиктер алдағы күндері еліміздің орталығы мен солтүстіктігінде осындай ауа райының сақталатынын ескертуде. Ал петропавлдағы төтеншеліктер осындай ақпаратты алдын ала жеткізбеген «Қазгидрометтің» мамандарына өкпелеп отыр.
Болатжан Асқарбеков, СҚО ТЖД бөлімінің басшысы:
– «Қазгидромет» бізге дауыл болады деп алдын ала ескерту жасамады. Салдарынан кеше жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жеткен желден кран құлап, жел бірнеше нысаннның шатырын жұлып әкетті. Әйтеуір, зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!