Елімізде ең бай адамдардың тізіміне кіретін миллионер қамалды
Миллионер қамалды! Қазақстанның ең бай 50 адамының тізіміне кіретін бизнесмен Еркін Әмірханов ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оны коммерциялық құйтұрқылық жасады деген күдікке алып отыр. Тергеу құпиялығына байланысты бұдан артық ақпар жоқ. Ол басқаратын «Центрказэнергомонтаж» акционерлiк қоғамы негізінен жылу-энергетикалық кешендерiн салумен айналысады. Былтыр оның байлығы 135 миллион долларды құраған болатын. Айта кетерлігі, Әмірханов бір кездері қазір тағдыры қыл үстінде тұрған Эксимбанкті де басқарған.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.05.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
11 ақпан
Серіктестер жаңалықтары