{metadescription}
«Мейірім» фестивалі мыңнан тұлпарларды анықтады
«Мейірім» фестивалі мыңнан тұлпарларды анықтады

«Мейірім» фестивалі мыңнан тұлпарларды анықтады

Нағыз талантқа ештеңе кедергі бола алмайды! Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар өз өнерлерімен танымал тұлғаларды таң қалдырды. Дәстүрлі «Мейірім» фестиваліне қатысқан мың жеткіншектің ішінен ең үздігін анықтау бұл жолы тым қиынға соғыпты. Олардың шығармашылығын 1 ай бойы таразыға салған қазылар ақыры бір тоқтамға келіп, бүгін жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Әрсен Құланбай, жеңімпаз:

-Мен бұл байқауға оркестр арқылы қатыстым. Біздің оркестр бірінші орын алды. Оркестрде мен домбыра ойнаймын. Біз көп дайындалдық. Бұл уақытты көп күттік.

Жүлдеге іліккен кішкентай өнерпаздардың қуанышында шек жоқ. Өйткені, бүгінгі сый-сияпаттан бөлек, олар танымал әнші-сазгерлерден тегін тәлім алатын мүмкіндікке ие болды. Байқау 4 номинация бойынша өткен. Тың шара осымен тоғызыншы рет нағыз таланттардың жұлдызын жағып отыр. Оны Тұңғыш президент және Марат Оспанов қорлары бірлесе ұйымдастырған. Концертке ұласқан марапаттау, клоундармен ойын, тегін таратылған тәттілер мереке қарсаңында кемтар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ең бастысы, олардың шығармашылық дамуына, қоғамға бейімделуіне үлкен үлес қосты.

Мақсат Жәутіков, композитор:

-  Мен осы балаларлың өнеріне құштарлығын, өмірге құштарлығын көріп, міне қанша жыл болды соған куә болып отырмыз. Жылдан жылға баға беру өте қиын. Өйткені, жаңағы өнердің талпынысы, өздерінің қалайда болса да мен осы әнімді, өзінің өнерін биікте көрсеткісі келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде