{metadescription}
Ақмола облысындағы мүгедек бала белгілі опера әншісімен бірге ән шырқамақ
Ақмола облысындағы мүгедек бала белгілі опера әншісімен бірге ән шырқамақ

Ақмола облысындағы мүгедек бала белгілі опера әншісімен бірге ән шырқамақ

Ақмола облысында қатерлі дертке шалдыққан жас әншіге көмек керек. Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин ауылының тумасы, 16 жастағы Рахат Есімбектің бойынан сүйек рагы анықталған. Қазір жас өнерпаздың туысқандары оны ажалдан арашалап қалу үшін бар мүмкіндікті қарастырып жатыр. Қатерлі дертке Еуропада ота жасатуға келісім алған. Ал Германияда сүйекті металмен ауыстыру үшін 110 мың еуро керек. Мұндай ақшасы жоқ олардың ендігі бар үміті – жомарт жандарда.

Осылай деп бала жүрегінен ақ тілегін арнаған Рахат әдемі дауысымен тойдың да, сахнаның да көркі болып жарқ еткен еді. Бірақ аз ғана уақытта сырқат меңдеп сылқ түсті. Аяғын баса алмай, сай сүйегі сырқырап, жанын қоярға жер таппай ауруханадан бір-ақ шыққан. Сөйтсе, обыр екен. Әйтсе де, жақындары оны емдетуден үміт үзіп отырған жоқ. 

Сара Мәзбаева, Рахаттың анасы:

-Бір Аллаға сеніп отырмыз! Аяғынан тік тұрғызып, келешегі бар дегендей. Қаражатымыз жетпей жатыр. Қазіргі кезде қаражат керек болып тұр кісілерден. Көмектерін аямай брсе екен. Алладан қайтсын.Осы Рамазан айында көмектерін көрсетсе деп шын жүректен үміттенемін.

Германиядағы дәрігерлер сүйекке  ота жасап, оны металмен ауыстырып береміз депті. Ол үшін 110 мың еуро қажет. Яғни 43 миллион теңге болса, Рахатқа медициналық көмек көрсетіледі. Ол бұған дейін Астанадағы онкология орталығында ем-дом алған. Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің опера бөлімінде оқитын жасөспірімнің көңілін сұрап, әйгілі опера әншісі Сүндет Байғожиннің өзі ауруханаға келіпті. Ол Рахатқа өзінің байқаудан алған жүлдесі мен 1 миллион теңгені тарту етті.

Рахат Есімбек:

-Осындай жағдайға түсіп қалдым. Енді үлкен іс күтіп тұр,үлкен жол күтіп тұр. Шетелге барып емделіп, аяққа нық тұрсам ба деген сенімдемін. Сүндет ағам көмектесті рух беріп, менімен бірге ән айтасың деп айтқан. Осы үлкен сенім болып аяғымнан тік тұруға тырысамын.

Көкшетауда да өнерпаздар концерт қойып, өзі оқитын колледждегі достары да көмекке келген. Қазір Рахаттың есеп-шотында 17 миллион теңге бар екен. Қалған соманы тезірек жинау қажет болып тұр.

-Жас өнерпаз науқасқа шалдықты дегенді естіген жерлестері бір кісідей көмекке ұмтылған. Тіпті, ауыл балалары мектепте концерт қойып қаражат жинапты.Қанатымен су сепкендей қолдан келген көмегін аямаған жұрт Рахат жақын арада жазылып кетсе деп тілеп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде