{metadescription}
Павлодарда автокран өз жүргізушісін басып қалды
Павлодарда автокран өз жүргізушісін басып қалды

Павлодарда автокран өз жүргізушісін басып қалды

Павлодарда автокран жүргізушісін өз машинасы өлтірді. Көше қиылысында кенет тоқтап қалған көлігін жөндеп жатқан азамат оның астында қалып қаза тапты. Оқиға шаһардың орталық көшелерінің бірінде болған. Бірден тоқтап қалған автокранына не болғанын анықтау үшін сыртқа шыққан жүргізуші оны өзі жөндеуге әрекеттеніпті. Бір кезде жүк көлігі жүріп кетіп, ер адамды таптап өткен. 54 жастағы жүргізуші сол жерде жан тапсырды. Бұл жағдайға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде