{metadescription}
Еуразия медиа форумында «Зың-зың» клипі көрсетілді
Еуразия медиа форумында «Зың-зың» клипі көрсетілді

Еуразия медиа форумында «Зың-зың» клипі көрсетілді

Зың-зың. Собчакқа ғашық Рерих. Бір жынысты еркін махаббат. Еуразия медиа форумының үшінші күнін осы үш ауыз сөзбен қорытуға болады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегаттарға «Зың-зың» клипі көрсетіліп, Владимир Рерихтің Ксения Собчакқа махабатты оянды.

Төрт сағатта түсіріліп, 20 млн қаралым мен қыруар қаржы жинаған клип. Медиа форумның үшінші күні жаңа медианың өкілдерін тыңдаудан басталды.  Дәстүрлі журналистика хайппен байып жатқан блогерлердің көлеңкесінде қалмай ма? Әлде блогерлік журналистикада көмекші қосымша құрал ма? Осы саланың жілігін шаққан шетелдік мамандардың пікірі екіге бөлінді. Даттағаны да, жақтағаны да табылды.

Рехам Хан, журналист:

-Біз жаңаша ойлануға үйренуіміз керек. Қатып қалған журналистиканың қалыбы жоқ. Қазір адам өзіне ыңғайлы жолмен, көбіне интернеттен ақпарат табады, видео көреді. Сұраныс болғандықтан, сәйкесінше сапалы блогинг дамып жатыр деп айта аламын.

Блог саласының өркендеуінен эволюция да, қауіп те көргендері бар. 30 секундта орташа 4 мың пост жарияланатынын ескерсек, оның тасқынына тосқауыл әзірге жоқ.  Форумға жиналғандар, блогты қойып, мораль маңайында әңгіме өрбітті. Арнайы шақыртумен келген Ксения Собчакты көргенде шара модераторы Владимир Рерих негізі тақырыпты ұмытып, Собчакқа сезімін жеткізді.

Рерихтың ойы Собчакта болғанмен, Собчактың сөзі таңдау бостандығы жайында өрбіді. Әйел тұрмыстағы құлдықтан құтылып, ұнамаса жарын талақ айтып тастап кетуін сол бостандықтың мәніне балағандай. Одан қалды біржынысты некенің өзі таңдау бостандығы барының айғағы деп тұжырымдаушылар да табылды. 

Үш күн бойына жұмыстан жынысқа дейінгі тақырыпты ой қазанында қайнатқан шараның шымылдығы жабылды. Әлемнің әр бұрышынан келген делегаттардың форумнан түйген өз ойы бар.

Дариға Назарбаева, EAMF Ұйымдастыру комитетінің төрайымы:

-Принцип туралы, этика, технология жайында көп әңгімелестік. Революциялық өзгерістерді де шолып өттік. Қатысушылардың өзі келісетін шығар, меніңше ең маңыздысы тақырыпты талқылаған емес, одан әрқайысымыздың қорытынды шығарғанымыз.

-Алатау баурайындағы Еуразия медиа форумы  өз мәресіне жетті. Үш күнге жалғасқан шарада түрлі өзекті тақырыптар ортаға салынды. Әсіресе, жаңа медиа, оның ішінде блогинк, мобильді журналистика жайы кеңінен талқыланды. Бір анығы соңғы бес жылдан бері қазіргі журналистиканың келбеті өзгерген. Бір орында тұрмайды. Келесі жылғы жиынға да осы тақырып тағы да арқау болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде