{metadescription}
Президент бизнесмендерге қолайлы заңға қол қойды
Президент бизнесмендерге қолайлы заңға қол қойды

Президент бизнесмендерге қолайлы заңға қол қойды

Бұдан былай тексеруші органдар кәсіпкерлерге бірден айыппұл сала алмайды. Ал бизнесмендер үшін үкіметке тапсыратын мыңнан аса анықтама қағазының саны қысқармақ. Осындай өзгерістер енгізілген кәсіпкерлікке қатысты заңға президент бүгін жариялы түрде қол қойды.

Елбасының маңызды құжаттарға Үкімет мүшелерінің қатысуымен осылай жариялы түрде қол қоюы қалыптасқан үрдіс. Сонымен, кәсіпкерлікті жетілдіру жөніндегі 14 кодекс пен 109 заңға мыңға тарта өзгеріс енгізіліп отыр. Оның мәнісі, кәсіпкерлерді мемлекеттік тексеру түрлері 30 пайызға азаяды. Бизнесмендерден талап етілетін 1600 анықтама қағазы түрлерінің де 500-і қысқартылады. Ал тексеруші органдар қандай да бір қателік тапса, бұрынғыдай бірден айыппұл сала алмайды. Олқылықты жөндеу үшін кәсіпкерге қолайлы мерзім беруі керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бұл құжат бизнес саласын түбегейлі жақсарту керек. Менің тапсырмамды орындау мақсатымен қабылданып отыр. Заң мемлекеттік органдардың қадағалау функциясын қысқарту арқылы бизнес өкілдерінің еркін жұмыс істеуіне жол ашады. Біз алдағы уақытта да кәсіпкерлікті өркендету үшін қолайлы жағдай қалыптастыра береміз әрі қарай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.