{metadescription}
Сыр бойын үнді анашасы қаптады
Сыр бойын үнді анашасы қаптады

Сыр бойын үнді анашасы қаптады

Сенаторлар елімізде үнді анашасының көбеюіне алаңдаулы. Әдетте оңтүстік Азияда ғана өсетін есірткі өсімдігінің бұл түрі, соңғы кезде Қызылордада да қаптап жатыр дейді депутаттар.

Владимир Волков, Сенат депутаты:

Қызылорда облысының климаты үнді анашасын өсіруге өте қолайлы. Мұны жақсы білетін қаскөйлер есірткі шөбін көптеп егіп, саудасын қыздырып жатыр. Ішкі істер министрі бұл істі қолға алмаса, қылмыстың саны артып кетеді.

Жоғарғы палата депутаттарының бұлайша даурығуы бекер емес. Өйткені, облыста есірткі қылмысы жылдан жылға көбейіп келеді. Мәселен, алдыңғы жылы 400-ге жуық іс болса, былтыр оның саны 120-ға өсіпті. Әрі наша өсетін алқаптар да артып келеді. Биыл оның саны 80-нен асқан. Айта кетерлігі, есірткінің дәл осы түріне сұраныстың артуы да бекер емес. Оның әсері Шуда жабайы өсетін анашаға қарағанда 5 есеге күшті екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.