Ақтөбеде мемлекеттік мекеме жүздеген жұмысшыға жалақыларын бермей қойды
Ақтөбеде қоқыс тазалаумен айналысқан коммуналдық кәсіпорын үш жүзден астам жұмысшысы жалақыларын даулап жүр. Әкімдікке қарасты болған бұл компания келесі айдан бастап жұмысын тоқтатады. Ал есігіне құлып салынғаннан кейін айлығымызды алу мүмкін болмайды деп ашынады наразы топ.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.05.2018
Айнагүл Рахметова, «Ақтөбе таза қала» ЖШС жұмысшысы:
- Толық айлығымызды берсін! Пенсионный фондымызды қай жылдан кірдім, сол жылдан төленсін! Документтерімізге дұрыстап жазып берсін! Жұмыссыз қалайын деп тұрмыз оның үстіне.
«Ақтөбе таза қала» компаниясының жұмысшылары алдындағы қарызы 58 миллион теңгеге жеткен. Бұл ақша ақпан айынан бастап жиналып қалыпты. Енді қоқыс шығаратын бұл мемлекеттік мекеме мүлдем болмайды. Оны әкімдіктегілер таратып жатыр. Ал қаладағы қоқысты шығаруды жекеменшік он компанияға бөліп берген. Олардың не оңды көлігі, не жұмысшылары жоқ. Сондықтан тазалық ісі жөнді жүрмей жатыр. Олар таратылып жатқан коммуналдық мекеме жұмысшыларын өздеріне алмақшы екен. Бірақ екі есе төмен айлық ұсынып, қоқыс жиналған контейнерлерді қолмен тазалауға мәжбүрлейді. Сондықтан тендер жеңген жекеменшік компаниялардың медициналық сақтандыруды мойнына алып, қоқыс тазартуға арнайы киім-кешек берсе дейді жұмысшылар. Ал жұмысын тоқтатататын «Таза қаладағылар» берешектен жақында құтыламыз деп сендірді.
Әлібек Қарабаев, «Ақтөбе таза қала» ЖШС бөлім басшысы:
-Счет жабық тұр бізде қазір. Арестта тұр налоговыйда. Соны шешу жұмыстары жүріп жатыр қазір. Қарыз, штраф болған компанияда. Данный монмент мүмкіндік жоқ мекемеде. Айлықтары сәуір, сосын мамыр компсенсациялары берілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!