{metadescription}
Министрлер Астанадағы дауылдың шығынын есептеп жатыр
Министрлер Астанадағы дауылдың шығынын есептеп жатыр

Министрлер Астанадағы дауылдың шығынын есептеп жатыр

Ішкі істер министріне бүгін Астананың астаң-кестеңін шығарған дүлей дауыл үшін жауап беруге тура келеді. Ал, сенаторларды Елордаға келтірілген шығын көлемі алаңдатып отыр.

Төлеубек Мұқашев, Сенат депутаты:

-Күшті желден құқық қорғау және күштік құрылымдардың ғимараттары зардап шекті ме? Зиян келсе, қандай? Әрі осы табиғи апаттан Ішкі істер министрлігі сабақ алды ма?

Депутаттың бұл сауалдарына Қалмұханбет Қасымов бір ай ішінде жауап беруі тиіс. Бірақ, министрдің өзі қала әкімімен бірігіп, дауылдың салдарымен әлі күресіп жатыр. Шенеуніктер бас қалаға 230 миллион теңге көлемінде шығын келгенін есептеген. Елорда әкімдігі енді тез арада Бейбітшілік және келісім сарайының терезелерін ауыстырып, үй мен өзге де түрлі нысандардың ұшқан шатыры мен бүлінген қабырғаларын қалпына келтіруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде