{metadescription}
Алматыны аяқасты қар басты
Алматыны аяқасты қар басты

Алматыны аяқасты қар басты

Алматыға қар түсті! Жаздың басталуына небәрі жеті күн қалғанда табиғат қала тұрғындарына осындай тосын мінезін көрсетті.  

Түні бойы тоқтаусыз жауған жауын соңы қарға ұласқан. Нәтижесінде, Алатаудың етегі жаппай аппақ жамылғы жамылған. Көктем әне-міне аяқталып, ендігі жазды күтіп отырған алматылықтар қарды көріп жаппай тосылып қалды. Қар қаланың таулы аймағындағы тұрғын үйлердің шатырын да басып қалды. Экологтар кенеттен жауған қарға қуанып отырған жоқ. Айтуларынша, табиғаттың табанасты құбылуы құрғақшылық пен тасқынның белгісі екен. Ал оған себеп – ауаның мөлшерден тыс ластануы. Салдарынан, табиғат шатаса бастаған. Алматылықтардың өздері жалпы мамырда бұрын-соңды қар жаумағандығын айтып отыр.

Дилфуза Рақымова, Алматы қаласы тұрғыны:

-Жаңбыр жауды. Одан кейін барып қар жауды. Қар қойып, бұршақ жауды. Содан кейін түні бойы жауды.Таңертең тұрып қарасақ, барлық жер қар. Балалр әрең шықты сабаққа мына жерден жүре алмай. Бұрын болған жоқ. енді осындай бірінші рет болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде