{metadescription}
Ақтөбеде жүздеген кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады
Ақтөбеде жүздеген кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады

Ақтөбеде жүздеген кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады

Ақтөбеде орталық базардың саудагерлері таң атысымен наразылық шарасын ұйымдастырды. Үш жүзге тарта кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады. Көлік қатынасы тоқтап, әкімдік пен құқық қорғау органдары өкілдері тайлы-тұяғымен осында жиналды.

-Үкіметтің адамысыз ғо да? Үкіметтің адамысыз. Үкімет деген былай істемей ма? Бәрімізді бір ай бұрын келіп, халыққа айту керек. Иә, үш ай бұрын.

йтайын десем сөз бермей жатсыздар.

-Мы в шоке были, Мал емеспіз ғо.

Базарды тексерген мамандар өрт қауіпсіздігін сақтамады деп шешім шығарған. Үш күн ішінде саудагерлерге орын босатуды талап етіпті. Ал жиналған жұрттың нан тауып отырған жерінен айрылғысы жоқ. Сондықтан әкімдіктегілерге ашынған олар, орталық көшедегі көліктерді қаңтарып қойды. Жақында ғана базарды аралап кеткен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың келуін талап етті. Бірақ әкім келмегенімен, қала басшысы мен барлық орынбасарлары осында жиналды. Олар саудагерлерді әкімдіккке жиналысқа шақырып жалынумен болды. Тіпті, базардан маусымның соңына дейін қумауға уәде етті.

-Тыңдаңдаршы. Қазір мына жерге акимат жақын. 200 метр. Акт залы бар. Сол жерге барып бәрін талқылап отырайық. Тиісті органдарды шақырайық.

-Бармаймыз....

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде