{metadescription}
Павлодар облысында лицейдің жабылуына қарсы шыққан жұрт шу шығарды
Павлодар облысында лицейдің жабылуына қарсы шыққан жұрт шу шығарды

Павлодар облысында лицейдің жабылуына қарсы шыққан жұрт шу шығарды

Павлодар облысында жұрт лицейдің жабылуына қарсы шықты. Ақсу қаласы тұрғындарының айтуынша, атқамінерлер 20 жыл тарихы бар білім беру мекемесін орта мектепке көшіріп, орнына шығармашылық үйін ашпақшы екен. Физика, химия, биолигия пәндерін тереңдетіп оқитын профилді лицейдің ұстаздары болса, орта мектепке көшкен жағдайда білім сапасы төмендейді деп отыр. Ал шенеуніктер шаһарда мектепке дейінгі үйірмелер жоқтың қасы дейді. Сондықтан кезінде пионерлер үйі болған ғимаратты қайтарып алып , оқушылар сарайын ашпақ екен.

Бұл күнді жылда асыға күтетін ақсулық мектеп-лицей оқушыларының бүгін көңіл-күйлері жабырқаулы. Өйткені, білім мекемесіндегі соңғы қоңырау олар үшін шынымен де соңғы болғалы тұр. 20 жыл тарихы бар лицейді шаһардағы орта мектептердің біріне көшіруді ұйғарған атқамінерлер мұнда биыл оқушылар сарайын ашпақшы.

Бұл ғимарат Кеңес Одағы тұсында салынған.Ол кезде оқушылар сарайы болған екен. Кейін жабылып қалып, орнына мектеп-лицей ашылған. 20 жылдан бері жұмыс істеп келген білім мекемесі еліміздегі ең мықты мектептердің қатарына қосылып үлгерген.

Мектеп-лицейдің көшірілетінін естіген ата-аналар бұл барып тұрған бассыздық дейді. Профилді лицейдің оқушылары бір ауысымда оқығандарымен, таңнан кешке дейін білім алады екен. Ал орта мектепке орналасқан жағдайда, мұндай мүмкіндіктің болмайды деп отыр.

Дмитрий Баровских, Ақсу қаласының тұрғыны:

 –Шенеуніктер балаларымыздың өміріне балта шауып, өз мәселелерін оп-оңай шеше салмақшы. Онсыз да бала көп оқитын орта мектепке лицей оқушыларын орналастырып, бәрімізді мезі қылмақшы. Мыңдаған бала 2-3 ауысымда оқыса, білім сапасы не болмақ?Тамақтану мәселесі ше?Мықты мектептерді көбейтудің орнына, азайтып жатыр.

Динара Мырзабекова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

-Ұжымның да, біздің мектептің де көптеген жетістіктері бар. Республика бойынша бірнеше рет 100 үздік мектеп қатарына кіргенбіз.Егер басқа мектепке қосатын болса, ұжымымыз да әртүрлі жаққа бөлініп кететін түрі бар, оқушыларымыз да. Сондықтан біз қарсымыз ғимаратымызды басқа мекемеге бергеніне. 

Білім бөліміндегілер болса, қалада бала санының көбейгенін айтады. Сәйкесінше, мектепке дейінгі қосымша білім беру мекемелері жетіспейді. Ал балалар шығармашылық үйінде қос бірдей мекеме орналасқандықтан өзге үйірмелерге орын жоқ екен. Баяғыда оқушылар сарайы болған нысанға ауыз салып отырғандары да сондықтан. Ал, лицейдің 327 оқушысын басқа мектепке қоспақ. Алайда ондай кең мектеп әзірге табылатын емес.

Қайрат Смағұлов, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы:

-Біздің қазір көңіліміз біз таңдап жатқан мекеме ол оқу мекемесі болады.Ол мектеп болады.Оның ішінде ертеде салынған стандарт жоба бойынша мектеп, сондай ғимартты табуға біз тырысып жатырмыз.

Осылай деген атқамінерлер,бұл мәселеге қатысты шешім ата-аналармен бірлесе шешіледі деп сендірді. Ал оқушылар сарайын жаңадан салуға бюджеттен көк тиын бөлінбеген. Соңғы қоңырау үнін тыңдап тарқасқан оқушылар мен ата-аналар болса, мектеп-лицейді мұнда қалдыру үшін қолдан келгенді жасаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде