{metadescription}
Елімізде 150 мыңға жуық түлек мектебімен қимай қоштасты
Елімізде 150 мыңға жуық түлек мектебімен қимай қоштасты

Елімізде 150 мыңға жуық түлек мектебімен қимай қоштасты

Сыңғырла, соңғы қоңырау! Бүгін елдің барлық мектебінде күміс қоңырау соғылды. Биыл 147 мыңға жуық оқушы түлеп ұшпақ. Оларды бар аймақта жергілікті билік өкілдері мен танымал тұлғалар құттықтап, шығарып салып жатыр.

Кеше ғана алай-түлей дауыл тұрып, қарға ұласып жауған жаңбырдың бүгін ізі де жоқ. Ауа-райының өзі оқушыларға ақ жол тілеп тұрғандай.  Бүгін оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де ерекше тебіреніске толы күн. 11 жылғы қажырлы еңбегін атап өтпеуге болмас. Еңбектің өтемі әрине, ҰБТ дан кейін белгілі болады. Десе де, соғылған соңғы қоңырау үні жас түлектердің жаңа өмірге қадам басқанын білдіргендей.

Дәл осы күміс қоңырау сыңғыры ел бойынша 147 мың оқушы үшін соңғы рет соғылды. Мәселен, Алматының өз басында 9000 астам түлек ресми түрде мектеппен қош айтысып, ересек өмірге қадам басты. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан олардың өздерінің ұядан ұшып бара жатқандарын бірі сезініп, бірі әлі сезіне алмай тұр

Ерасыл Бердібек, жас түлек:

- Әрине, қуанып тұрмыз. Қалай айтса болады, қоштасқың келмейді бәрібір мектеппен. 11 жыл бойы біздің еркелігімізді көтеріп, ақылын аямаған ұстаздарымызға үлкен алғыс айтамыз

Қыз-жігіттерді бүгінгі ерекше күнмен құттықтау үшін, Бауыржан Байбек те барлық ресми кездесулерін кейінге қалдырып Алматыдағы нөмірі 148 мектепке арнайы келді. Ол тегін емес. Өйткені, дәл осы оқу ордасы былтырғы көрсеткіш бойынша ҰБТ да ең жоғарғы нәтижеге ие болған.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Мелекет тарапынан, қала тарапынан сіздер үшін, жақсы білім алу үшін бар жағдай жасалған деп мен ойлаймын. Бірақ, мектеп деген ол жақсы ғимарат. Бірақ, ең басты құндылық білімнің сапасы әрине ұстаздарға байланысты.

Елдің қай түкпірінде болмасын бүгін думан, бүгін той. Дей тұрғанмен түлектерге арқаны кеңге салуға әлі ерте. Нағыз сынақ олар үшін әлі алда. Бүгін мерекені тойлағанмен, ертеңнен бастап дайындықтарына қайта кіріседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.