Жамбылдық студенттер ауруды емдейтін киім ойлап тапты
Жамбылдық студенттер бел ауруларын емдейтін киім ойлап тапты. Жас ғалымдардың жобасын жүзеге асыратын демеушілер табылса, радикулит, артрит сынды сырқаттардан құлан таза айығуға болады. Көптің қызығушылығын оятқан жоба Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған «Болашақ ғалымдар» ғылыми байқауында үздік деп танылған. Ал жеңімпаздарды қор басшылығының өзі Таразға арнайы келіп марапаттады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
25.05.2018
Таразда Тұңғыш Президент қоры басшылығының қатысуымен –өткен ресми кездесулерде Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен жастар саясатын дамыту сынды мәселелер талқыланды. Осы басқосуда студенттерге коммерциялық емес ұйымның мақсат-мүддесі түсіндірілді.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Қордың келген өкілдері қордың ісін, шығармашыл жастарды қолдау, Жамбылдың, Қазақстанның жастарын қолдау. Қормен қалай жұмыс істеуге болатынын таныстыру үшін келіп отыр. Және де IT саласында өткізіліп жатқан көптеген шаралармен таныстырып, кеңінен тарату мақсатымен келіп отырмыз.
Сұлтан Айтжановтың айтуынша, қазіргі қоғам ақпараттық технологияға тәуелді. Сондықтан жастар IT-саласының тілін еркін білуі қажет. Табыстың кілті де – сонда. Сол себепті Қор «Блокчейн» цифрлық марафоны жобасын қолға алған. Соның аясында жер-жерлерде криптовалюта, майнинг, ICO сынды заманауи IT-трендтер бойынша шеберлік сағаттары жүріп жатыр.
Шоқан Құсайынов, «FinTechGroup» компаниясының директоры:
- Бұл – қормен бірлескен жоба. Біз жастардың көзін ашқымыз келеді. Осыны үйрену арқылы, мол табысқа кенелуге болады. Бірақ жаңа технологияны үйрену үшін алдымен маман дайындау қажет. Соның негізінде студенттерді үйретіп жатырмыз. Жастардың ынтасы жақсы.
Сол ынталы жастар тың жаңалық ашты. Жергілікті оқу орынының екі студенті кәдімгі түйенің жүні мен зығыр талшығынан емдік қасиеті бар киім ойлап тапқан. Соны кеудеңе кию арқылы көптеген бел ауруынан арылуға болады дейді жас ғалымдар. Ал жоба Президнет қоры ұйымдастырған «Болашақ ғалымдар» байқауында үздік деп танылған.
Қымбат Аниярбекова, студент:
- Мұны әлі бекіткен жоқ. Бірақ болшақта бекітеді, патент аламыз деп үміттеніп отырмыз. Егер патент алған жағдайда осындай емдік қасиеті бар бұйымда қолға алсақ дейміз.
Тұңғыш Президент қорының Жамбылдағы күндері аясында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – Ұлы дала жауһарлары» атты фото көрмесі де көрсетілді. Ал астаналық делегацияның сапары Қазақстанның опера жұлдыздарының гала концертімен қорытындыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!