{metadescription}
Таразда өртенген пәтер ішінде қалған 5 жасар қыз тірідей жанып кетті
Таразда өртенген пәтер ішінде қалған 5 жасар қыз тірідей жанып кетті

Таразда өртенген пәтер ішінде қалған 5 жасар қыз тірідей жанып кетті

Таразда тілсіз жау 5 жастағы қыздың өмірін жалмады. Пәтерде тұтанған өрттен бүлдіршен сыртқа шыға алмай тірідей жанып кетті. Қайғылы жағдай Қаратау ықшамауданында болған.

Әзірге оттың нақты неден және қалай тұтанғаны белгісіз. Оқыс оқиға жөніндегі хабар көршілерден түскен. Шұғыл жеткен төтеншеліктер жалпы саны 44 адамды дереу қауіпсіз жерге көшіріп, жалынмен жарты сағат алысты. Оларға құлыптаулы есікті бұзып кіру қиындық тудырған. Ауылдастардың айтуынша, қаза тапқан кішкентай қыз бесінші қабаттағы пәтерде өзі болған. Жалғыз басты келіншек оған бас-көз болу үшін жас шамасы 13-14-тегі үлкен қызын қалдырып, өзі жұмыста жүрген. Ал кішкентай сіңлісін қарауы тиіс жасөспірім оны сыртынан жауып кетіп қалған.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде