{metadescription}
0:000:00
​Елордада «Астана кештері» дәстүрлі фестивалі басталды

​Елордада «Астана кештері» дәстүрлі фестивалі басталды

Испания мен Италияның, АҚШ-тың танымал жұлдыздары бес күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарын әсем әнмен тербемек.

Эухения Боикс, испан әншісі:  

-Біз өз концертімізде Испанияның бүкіл аймағының классикалық ән өнерін қамтып отырмыз. Біздің орындауымызда Энрике Гранадос, Де Фалья сынды композиторлардың шығармалары мен дәстүрлі ән өнері сарсуэлла жанрында да шырқамақпыз.

Биылғы «Астана кештерін» испаниялық опера әншісі Эухения Боикс испан классикалық әндерімен ашты. Дәстүрлі шара жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Ал концерттер «Астана опера», Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақстан орталық концерт залында өтпек. Олардың арасында ағылшындық әйгілі «Куин» тобының орындауында «Шоу маст гоу он» әні де шырқалмақ. Ал шараны ұйымдастырушы «Дегдар» гуманитарлық қоры мен JTI компаниясы.

Тимур Орманшеев, «Астана кештері» фестивалінің көркемдік жетекшісі:  

-Фестивальда классикалық жанр да, эстрада мен органды музыка да қамтылады. Сондықтан, әрбір көрермен қалауына сай ән тыңдай алады деген ойдамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.