{metadescription}
0:000:00
«Бала дауысы» ұлттық ән байқауы басталды

«Бала дауысы» ұлттық ән байқауы басталды

Еліміздің барлық аймағынан мыңдаған үміткердің ішінен оза шапқан 19 қатысушы енді финалдық кезеңде ән шырқайды. Ал жеңімпазды үлкен сыйлық күтіп тұр. 

Үстіне көк түсті жейде киген мына балақайдың бәрі қызу қарбалас. Жыл бойы күткен ән жарысы басталуға бірер сәт қалғанда суретке түсіп те үлгеруге болады. Ал жер-жерден келген қатысушылар 3 мыңдай үміткердің ішінен таңдап алынған.

Бейбарыс Айтмұхамбетов, «Бала дауысы» байқауының қатысушысы:

-Мен Ақмола облысынан келіп тұрмын. Көптеген конкурстарға қатыстым. Өлең айтуды 6 жасымнан бастадым. Ал конкурстарда патриоттық және әлемдік хиттерді айтамын.

Байқауды үшінші жыл қатарынан Тұңғыш Президент қорының қолдауымен «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып келеді. Осы кештің басты қонағы ретінде қор басшысы Әлия Назарбаеваның отыруы да сондықтан. Ал ән байқауының салтанатты ашылу рәсімі былтырғы финалистердің гала концертімен басталды.

Гала-концерттің қызықты өтуі үшін Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзірбайжаннан арнайы қонақтар шақырылған. Ал байқауға іріктелген балалардың дайындығын пысықтау үшін қыруар жұмыс ұйымдастырушылардың мойнына түспек. 

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» байқауының ұйымдастырушысы:

-Қазіргі таңда 19 бала таңдап алынып, күз айында Алматы қаласына келіп, «Жұлдызды үйде» бір ай бойы дайындалып, хареографиядан, вокалдан, әртістік шеберлік сабақтарынан сабақ алып, дайындалады. Сахналық костюмдері, әрбір балаға репертуарлар дайындалады.

Байқау жеңімпазы еліміздің белгілі музыкалық оқу орындарының бірінің грантын иеленеді. Сонымен бірге, Франциядағы «Дисней лендке» жолдама ұтып алады. Ал жарыстың финалдық кезеңі желтоқсан айында Астанада өтпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде