{metadescription}
0:000:00
Таразда қымбат көліктің апатқа ұшырауына қатысты жаңа мәліметтер шықты

Таразда қымбат көліктің апатқа ұшырауына қатысты жаңа мәліметтер шықты

Таразда Геленвагеннің апатқа ұшырауынан зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ. Қол-аяғы сынып, ауруханаға түскен үш адамның екеуіне ертең ота жасалады. Айта кетейік, 27 жастағы азаматтың өмірін жалмаған оқиға сенбі күні болған еді. Геленвагенді тақымдаған жігіт қатты жылдамдықпен ағашқа соғылып, өзі оқиға орнында жан тапсырған. 

Ес-түссіз жатқан жүргізушіні аударылған машинадан куәгерлер алып шығып, бетіне су бүркіп есін жидыруға әрекеттенген. Сөйтіп, дереу жедел жәрдемге хабар береді. Алайда олар келіп болғанша қансыраған жігіт оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы оқиға Байзақ батыр көшесінде болған. Куәгерлердің сөзінше, көлік өте қатты жылдамдықпен жүйткіп келіп, жол жиегіндегі талды соғыпты. Болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Соққының қаншалықты қатты болғанын мына көріністен аңғаруға болады. Жапырылған техника енді түкке жарамсыз. Әйтеуір, апатқа ұшыраған қымбат машинаның ішінде болған үш жолаушының қазіргі жағдайы бірқалыпты. 

Ерлан Түлеев, №1 аурухана жарақат бөлімінің меңгерушісі:

-Жол апатынан үш науқас әкелінді. Біреуінің ашық аяқ жілік сынығы. Сол түнде ота жасалды, қазіргі жағдайы қалыпты. Өміріне қауіп жоқ. Басқа әкелінген екі науқастың екеуінің де қолы сынған. Жағдайлары қалыпты. Ертеңгі отаға жоспарланып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде