Жаз кешігеді: Бірнеше облыста қатты үсік болуы мүмкін
Алматыға шырайлы жаз кеш келетін түрі бар. Алдағы күндерге болжам жасаған синоптиктер Ақмола мен Павлодар облысының тұрғындарын бүрсең қақтырған қара суық Алатау бөктерін де айналып өтпейтінін айтып отыр.
Автор: Мақсат Мәлік
28.05.2018
Бұл Ақмола облысындағы табиғаттың тосын мінезі. Әне-міне жаз шығады деп арқаны кеңге жайған жұрт жапалақтап жауған қармен алысып әлек. Ал, Ақмола және Павлодар облысын қыспаққа алған қара суық пен қар аралас жаңбыр, енді еліміздің өзге өңірлеріне бет алған. Қазгидрометтің мәліметінше, аталған аймақтардағы суық арктикалық фронттар еліміздің шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылжыпты. Сондай-ақ, синоптиктердің айтуынша, солтүстік аймақтарда қайта жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, қатты үсік болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!