{metadescription}
Құдай сақтады: Алматыда лифтке қамалған зейнеткер өлім аузынан қалды
Құдай сақтады: Алматыда лифтке қамалған зейнеткер өлім аузынан қалды

Құдай сақтады: Алматыда лифтке қамалған зейнеткер өлім аузынан қалды

Қария 5 қабат төмен құлдилап тұрғын үйдің жер төлесінен бір-ақ шыққан. Абырой болғанда ол дін аман. Ал лифтке жауапты мекеме зейнеткерден кешірім сұраудың орнына оның өзін кінәлап отыр. Құтқарушыларды күтпей жедел сатыны сындырып сыртқа шыққан дейді. Тіпті, шығын көлемін өндіруді талап етпек.

Демалыс күні болған оқыс жағдайды Байболат Баймаханбет  қорқынышты түстей есіне алады. Зейнеткер жедел сатымен 5 қабатқа көтерілем деп жер төледен бірақ шыққан.

Байболат Баймаханбет, зейнеткер:

-Ойымда ештеңе жоқ, 5- ші қабатты бастым. Көтеріліп келе жатырмыз төртінші қабатқа барғанда лифт тоқтап қалды. Диктордың түсініксіз шет тілде даусы шықты. Түсінбедім. Сосын лифт төмен түсті. Есікті  тақылдатып құтқарыңдар деп айғайладым.

Жарты сағат жатып, көмек болмаған соң Байболат есікті итеріп амалдап лифттан шығады. Бірақ одан жағдай оңалмады. Жеделсаты істемейді, ал сыртқа шығатын есік жабық. Енді ол жертөледе қамалып тағы біраз жатқан.  Оны ұялы телефонына түсіріп алыпты.

-Бұл үйдің әр подьезінде екі жедел сатыдан бар. Тұрғын үй пайдалануға берілген бір жылдың ішінде екеуі бірге ешқашан жұмыс істемеген. Біреуі істесе екіншісі міндетті түрде бұзылып тұрады.  Ал зейнеткердің зәресін алған лифт мына үлкені. Қазір техникалық тексеріске байланысты тоқтап тұр. Қашан қосылатыны белгісіз.

17 қабатты тұрғын үй пайдалануға былтыр ғана берілген. Әлі парикнгі де толық жөнделіп бітпепті. Сырты жылтырап жатқанмен үйдің лифті алғашқы күннен-ақ дұрыс істемейді екен. Ал көбісінің ішінде төтенше жағдайда не істеу керек екені де жазылмаған.

Ажан Шадат, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бұл енді апта сайын бұзылып тұрады ғой. Тоқтап қалады. Әйелім бар екі қабат 10 қабатқа түсіп-шығу қиын.

Жоғары қабатқа шығып түсуі мұңға айналған тұрғындар прокуратура, әкімдікке де шағым қалдырыпты. Жұмысына салғырт қарайтын ПИК төрағасы болса ешкімді елейтін емес. Тіпті өлім аузынан қалған зейнеткерге бұзылған лифттің шығынан өтетпекші ойда. Жедел сатының жұмысына жауапты компания да өзіне шаң жуытпай отыр.

Рамазан Сейдаш, LIFT-ENGINEERING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

-Негізі лифт  ешқашан да құламайды. Оны ұстайтын құралдар болады. Кешегі лифтте болған жағдайда ер кісі өз еркімен шығам деп өзіне кедергі ұйымдастырды.Диспетчерге хабарласып өз өзін ұстап күтуі керек еді.

Зейнеткердің зәре құтын қашырған жедел сатының мәселесі енді сотта қаралуы мүмкін. Себебі Байболат Баймаханбет құзырлы органға арызданбақ.  Айта кетерлігі Алматыда 3,5 мың лифт болса оның 1,5 мыңы жөндеуді қажет етеді екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде