{metadescription}
Ақмола облысында жантүршігерлік апат болды
Ақмола облысында жантүршігерлік апат болды

Ақмола облысында жантүршігерлік апат болды

Ақмола облысында шағын автобустың апатқа ұшырауынан зардап шеккен 4 адамның біреуі ауыр жағдайда жатыр. Hуundai Stareх-тің жол жиегіндегі қараусыз қалған ғимаратқа соғылуы салдарынан 3 адам қаза тапқан.

Сұмдық оқиға кеше Щучье қаласына кіре берісте болды. Бұл кезде минивеннің ішінде жүргізушіден бөлек 7 адам отырыпты. 48 және 28 жастағы екі азамат оқиға орнында, ал 60 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Осы апат салдарынан түрлі жарақат алған 4 адам қазір Бурабай аудандық ауруханасында жатыр. Олардың бірі – 50 жастағы әйел жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның миы шайқалып, бұғанасы, 3 қабырғасы сынған, көкбауыры езілген деп отыр. Ал 53 жастағы жүргізуші дін аман. Оның қанынан алкоголь табылмаған. Жеке көлігімен жолаушы тасымалдап, такси қызметін көрсетіп жүрген астаналық азамат уақытша қамау абақтысына жабылды. Қайғылы оқиғаға қар жауғаннан кейінгі көктайғақ себеп болуы мүмкін.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде