Бостандық берілсін: Қытайдағы қандастарымыздың тағдырына қатысты келіссөз басталды
Қытайда қамауға алынған қандастарымыз бостандыққа шыға ма? Бұлай дейтініміз еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Шығыстағы көршімізбен тиісті келіссөзді бастап кетті.
Автор: Досжан Маратұлы
28.05.2018
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
-Қытай тарапын этникалық қазақтарға қатысты істі әділ әрі ашық тергеп, қос азаматтығы үшін ұсталғандарды босатуларын сұрадық. Келіссөз барасында көрші елдің консулдары Шыңжаң автономиялық ауданындағы қандастарымыздың мәселесін шешуге уәде етті.
Негізі Бейжіңде өткен келіссөзде консулдар екі ел арасында визасыз тәртіп орнату мәселесін талқылауға жиналған. Бірақ, мүмкіндікті құр жібермеген отандық дипломаттар Шыңжаң автономиялық ауданында тұратын этникалық қазақтардың қысым көріп, түрмеге жабылып жатқанын айтты. Әсіресе, қос азаматтығы барлар мен тарихи отаны - Қазақстанға көп баратындардың қолына кісен салынады екен. Сондықтан еліміздің Сыртқы Істер ведомствасы әріптестерінен бұл істі оң шешудің жолдарын қарастыруға шақырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!