{metadescription}
Қытайда қамауға алынған қандастарымыздың алды бостандыққа шыға бастады
Қытайда қамауға алынған қандастарымыздың алды бостандыққа шыға бастады

Қытайда қамауға алынған қандастарымыздың алды бостандыққа шыға бастады

Бүгін  еліміздің Сыртқы істер министрі Шыңжаң автономиялық ауданында қысым көріп, түрмеге жабылған этникалық қазақтарды босату туралы келіссөздердің алғашқы нәтижесімен бөлісті.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Біздің мәлімет бойынша 12 қандасымыз қамауға алынған болатын. Келіссөздердің нәтижесінде 9-ы босаталды. Бізге Қытай тарапы әрбір азаматымыз туралы мәліметті беріп отыр. Осы Қазақстандағы Қытай елшілігі, Алматыдағы бас консулдығымен де келіссөздер жүріп жатыр.

Десе де түрмеде  әлі біраз қандасымыз отыр. Министрдің мәліметі бойынша, олар тарихи отаны Қазақ жеріне қоныс аударарда, Қытай азаматтығынан дұрыс шықпаған. Әрі құжатында шикілігі бар тағы 170-ке жуық қазақ қиындық көріп жүр екен. Сыртқы Істер ведомствасының басшысы   отандастарымыздың мәселесін шешу үшін ресм иБейжіңмен әлі де келіссөздердің жалғасатынын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.